Өзбекстандық файтер қазақстандықты нокаутқа түсіріп, Еркебұлан Тоқтарға үндеу жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
28.03.2026, 23:51

Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде қазақстандық файтер Ерасыл Ақыранбек пен өзбекстандық Абдумалик Ербутаев октагонға шықты. 

instagram/@abbi_01_01

Мерзімінен бұрын аяқталған жекпе-жек

Жартылай орта салмақта өткен кездесу үш раундқа жоспарланлы. Бірақ айқас толық уақытқа созылған жоқ. Бірінші раундтың өзінде Абдумалик Ербутаев қарқынды шабуыл ұйымдастырып, қарсыласын нокаутпен жеңді.

Осылайша өзбекстандық файтер кәсіби мансабындағы кезекті жеңісіне жетті. 

Еркебұлан Тоқтарға ашық шақыру тасталды

Жекпе-жектен кейін Абдумалик Ербутаев октагон ішінде мәлімдеме жасап, Еркебұлан Тоқтарға қарсы төбелесуге дайын екенін аңғартты. Өзбек спортшының бұл үндеуі турнир жанкүйерлерінің қызығушылығын одан әрі арттырды.

Еске салайық, Еркебұлан Тоқтар бүгін Hype FC 28 турнирінің басты оқиғасында шаршы алаңға шығады. Ол Қырғызстан өкілі Марсель Нурланбек уулумен кездеседі.

Реклама
Реклама