Жалғас Жұмағұловтың кезекті жекпе-жегі белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Айқас сәуірдің 11-і күні өтеді. Қарсылас әзірге белгісіз. 

Жалғас Жұмағұловтың кезекті жекпе-жегі белгілі болды
Vesti.kz

Қазақстандық ММА жұлдызы Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегінің күні ресми түрде анықталды.

Жекпе-жек Алматыда өтеді

  • 11 сәуір күні;
  • Алматы Арена;
  • IBA Nomad турнирі аясында өнер көрсетеді.

Әзірге оның қарсыласы ресми түрде жарияланған жоқ.

Жаңа форматтағы алғашқы жекпе-жек

Бұл кездесу Жалғас Жұмағұлов үшін ерекше болмақ. Себебі ол алғаш рет Nomad форматында жұдырықтасады.

Форматтың ерекшеліктері:

  • жекпе-жек бокс рингінде өтеді;
  • спортшылар ММА қолғаптарын қолданады;
  • клинч кезінде иықпен соққы жасауға рұқсат.

Яғни, бұл формат классикалық ММА мен бокстың аралас нұсқасы саналады.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов бұрын UFC-де өнер көрсетті. Кейін еуропалық Oktagon лигасының чемпионы атанды. 

Ол қазіргі таңда қазақстандық ММА-ның ең тәжірибелі файтерлерінің бірі саналады.

Қазақстандық спортшы соңғы рет 2025 жылдың желтоқсанында чехиялық Давид Дворжакқа қарсы шықты. Бұл жекпе-жекте Жұмағұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, чемпиондық титулын сәтті қорғады.