Қазақстандық файтердің UFC-дегі жеңісі есепке алынбады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:23

Допинг дауына байланысты нәтиже жойылып, жекпе-жек "өтпеген" деп танылды. 

sport.orda.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жеңісінен ресми түрде айырылды. Бұл шешім антидопинг ережелерін бұзуға байланысты қабылданды.

Допинг дауы: бір жылға шеттетілді

UFC-дің аса жеңіл салмақтағы өкілі Әліби Ыдырыс бір жылға жарыстардан шеттетілді. Ол 2027 жылдың 21 ақпанына дейін октагонға шыға алмайды.

Спортшыдан алынған допинг-сынамадан тыйым салынған гидрохлоротиазид диуретигі анықталған. Тест 2026 жылдың 21 ақпанында АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен UFC Fight Night турнирі кезінде алынған.

Жеңіс күшін жойды

Аталған турнирде Ыдырыс ямайкалық Оди Осборнды жеңген болатын. Алайда допинг ережелерінің бұзылуына байланысты Техас штатының спорт комиссиясы жекпе-жек нәтижесін қайта қарап, оны “өтпеген жекпе-жек” деп таныды.

Осылайша, бұл жеңіс Әліби Ыдырыстың статистикасынан ресми түрде алынып тасталды.

UFC-дегі көрсеткіші өзгерді

Бұл нәтиже қазақстандық файтердің статистикасына да әсер етті. Қазіргі таңда оның UFC-дегі көрсеткіші:

  • 1 жеңіліс
  • 1 өтпеген жекпе-жек (NC)

Айта кетейік, бұл жеңіс Ыдырыс үшін ұйымдағы алғашқы табыс еді. Бұған дейін ол 2025 жылдың тамызында дебюттік жекпе-жегінде жеңіліп қалған.

Айта кетейік, спортшы UFC-ге The Ultimate Fighter реалити-шоуы арқылы келген. Ол жобада аңызға айналған Даниэль Кормьенің командасында өнер көрсетті.

Финалда жеңіліс тапқанына қарамастан, қазақстандық спортшы промоушенмен келісімшартқа қол жеткізген еді.

Реклама
Реклама