Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатының финалында кімдермен жұдырықтасады
Бүгін, 18:00
Ұлттық құрама боксшылары Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатының финалындағы қарсыластарын анықтады.
Instagram/@boxingkazakhstan
Турнирдің шешуші жекпе-жектері екі күнге жоспарланған әйелдер арасындағы финалдар — 9 сәуірде, ал ерлер финалы — 10 сәуірде өтеді.
Әйелдер құрамасы
- 70 кг: Бақыт Сейдіш — Арундати Чаудари (Үндістан)
- 80 кг: Надежда Рябец — Рухшона Парпиева (Өзбекстан)
- 80+ кг: Дина Исламбекова — Альфия Патхан (Үндістан)
Қазақстандық боксшы қыздар бірнеше салмақта алтын жүлдеге таласып, құрлық біріншілігінде ел намысын қорғайды.
Ерлер құрамасы
- 60 кг: Оразбек Асылқұлов — Сачин (Үндістан)
- 70 кг: Төрехан Сабырхан — Зейяд Ишаиш (Иордания)
- 75 кг: Сабыржан Аққалықов — Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан)
- 85 кг: Нұрбек Оралбай — Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан)
- 90+ кг: Айбек Оралбай — Данабек Байқоныс (Қытай)
Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше салмақта финалға жолдама алды. Әсіресе, ерлер құрамасының нәтижесі жанкүйерлер үмітін арттырып отыр.
Айта кетейік, Азия чемпионаты — халықаралық рейтинг үшін маңызды турнирлердің бірі. Мұнда жеңіске жеткендер әлемдік аренадағы позициясын нығайтады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама