ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Азия чемпионаты: Балуандарымыз финал жолдамасы үшін белдеседі

Камалиев пен Аманбек жартылай финалға өтті.

Азия чемпионаты: Балуандарымыз финал жолдамасы үшін белдеседі
olympic.kz

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының бірнеше балуаны жартылай финалға жолдама алып, медаль үшін күресті жалғастырады.

Айқын жеңіс

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ербол Камалиев ширек финалда Тайбэй өкілі Су Юнсянмен кездесті.

Белдесу нәтижесі бойынша отандасымыз 8:0 есебімен жеңіске жетті. 

72 келіге дейінгі салмақта белдесетін Алматбек Аманбек те Қытай балуаны Ли Дунюйдан басым түсіп, келесі кезеңге өтті. Қорытынды есеп - 3:1.

Айта кетейік, бұған дейін Ислам Евлоев (97 кг) та Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.