Қазақстан бокстан халықаралық турнирде 15 медаль еншіледі

Сарапшы, спорт журналисі
07.04.2026, 22:51

Әзербайжан астанасы Бакуде өткен халықаралық "Жібек жолы" турнирінде Қазақстан құрамасы жалпы есепте 15 жүлде иеленді. 

Instagram/@boxingkazakhstan

Отандастарымыз турнир қорытындысы бойынша 3 алтын медаль, 5 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. 

Алтын жүлде иегерлері:

  • Бақберген Әлиасқаров (80 кг дейін)
  • Әнел Құдайберген (48 кг дейін)
  • Әнел Сақыш (54 кг дейін)

Күміс жүлдегерлер: 

  • Дархан Дүйсебай (71 кг дейін)
  • Бекнұр Батырбек (57 кг дейін)
  • Ақбота Болат (48 кг дейін)
  • Жансая Рахымберді (52 кг дейін)
  • Анжа Сәдуақасова (54 кг дейін)

Қола жүлдегерлер: 

  • Тимур Қабдешов (54 кг дейін)
  • Нұрсұлтан Алтынбек (60 кг дейін)
  • Азамат Бектас (80 кг дейін)
  • Дәурен Мамыр (86 кг дейін)
  • Оңталап Рахманов (92 кг дейін)
  • Гауһар Зарден (54 кг дейін)
  • Ақнар Есжанова (66 кг дейін)

Халықаралық "Жібек жолы" турнирі 2–7 сәуір аралығында өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 10 елінен 130-ға жуық боксшы қатысты.

Реклама
Реклама