Бразилиядағы бокс кешінде бір қуаныш, бір өкініш: қазақстандықтар қалай жұдырықтасты

Сарапшы, спорт журналисі
23.04.2026, 22:16

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан World Boxing ұйымының әлем кубогы кезеңінде жарыстың төртінші күнгі күндізгі сессиясында Қазақстан атынан екі боксшы шаршы алаңға шықты.

Instagram/@boxingkazakhstan

Алуа Балқыбекова ширек финалда

Алуа Балқыбекова 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында Болгария боксшысы Златислава Чукановамен кездесті. Жекпе-жекте қазақ қызы төрешілердің 4:1 есебіндегі шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Алуа Балқыбекова турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Мұхамедсабыр Базарбайұлы жарысты аяқтады

65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы 1/8 финалда франциялық Уго Грауға қарсы қолғап түйістірді. Бұл кездесуде төрешілер шешімі қарсылас пайдасына шығып, қазақстандық былғары қолғап шебері 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Кешкі сессияда Аида Әбікееваны көреміз

Төртінші жарыс күнінің кешкі сессиясында Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы Аида Әбікеева өз жекпе-жегін өткізеді. 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында чехиялық Виктория Жилковамен кездеседі.

Реклама
Реклама