Үш нокдаун. Аида Әбікеева Әлем кубогын сенімді жеңіспен бастады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:16

Қазақстандық әлем чемпионы Бразилияда қарсыласын нокдаунға түсіріп, келесі кезеңге өтті. 

pin-upsport.kz

Қазақстандық боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева Бразилияның Фос-де-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогында алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбікеева 1/8 финалда Чехия өкілі Виктория Жилковамен кездесті. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында айқын басымдық көрсетті.

Алғашқы екі раундта төреші қарсыласына үш рет нокдаун санағанымен, кездесу соңына дейін жалғасып, қорытындысында төрешілер бірауыздан Әбікееваны жеңімпаз деп таныды.

Әбікееваның деңгейі

Аида Әбікеева – қазіргі таңда әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі:

  • 2025 жылғы IBA әлем чемпионы (Ниш, Сербия)
  • 2025 жылғы World Boxing әлем чемпионы (Ливерпуль, Ұлыбритания)
  • 2024 жылғы Азия чемпионы (Чиангмай, Таиланд)

Қазір ол World Boxing рейтингінде 65 кг салмақта бірінші орында тұр.

Виктория Жилкова – Еуропа жастар чемпионаттарының жүлдегері. Сонымен қатар, ол 2022 жылы әйелдер арасындағы Nations Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алған тәжірибелі боксшы саналады.

Реклама
Реклама