Мұхамед Базарбайұлын аяқтан "шалған" төрешілер жазаланды

Сарапшы, спорт журналисі
24.04.2026, 21:33

World Boxing ұйымы Бразилиядағы әлем кубогы кезеңінде Мұхамедсабыр Базарбайұлының жеңілісінен кейін төрешілер жұмысына қатысты арнайы шешім қабылдады.

Instagram/@boxingkazakhstan

Ақталған шағым

Қазақстан бокс федерациясы 65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен франциялық Уго Грау арасындағы 1/8 финалдық жекпе-жектен кейін World Boxing ұйымына ресми шағым жолдаған. Федерацияның мәліметінше, аталған жекпе-жекке байланысты World Boxing тарапынан қайта қарау жүргізілген.

"Күнделікті R&J, яғни төрешілер мен реферилер отырысында бұл кездесу қайта сарапталды. №175 жекпе-жек: Уго Грау (Франция) — Мұхамедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан).

24 сәуір күні R&J құрамындағы 8 сарапшы бұл кездесуді қайта қарап шықты. Сарапшылардың басым бөлігі екінші және үшінші раундтарды 9:10 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына беруге негіз бар екенін мойындады. Бұл сарапшылардың пікірінше, аталған раундтарда жалғыз әділ баға 9:10 болуы тиіс дегенді білдіреді.

Тексеру қорытындысы бойынша француз боксшысына жеңіс берген үш төрешіге олардың жұмысына байланысты санкция қолданылды.

Сонымен қатар осы үш төрешінің екеуі турнирден шеттетіліп, жарыс аясында төрелік ету құқығынан айырылды", — делінген Қазақстан бокс федерациясының Instagram парақшасында.

Базарбайұлы неге жарысты ерте аяқтады?

Еске салайық, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің шешімі екіге жарылды. Нәтижесінде 3:2 есебімен жеңіс Уго Грауға берілді. Осылайша, Франция өкілі ширек финалға жолдама алса, Мұхамедсабыр Базарбайұлы турнирдегі өнерін 1/8 финалда аяқтады.

Реклама
Реклама