Серік Сәпиев бокстан не себепті кеткенін ашып айтты

Спорт шолушысы
Бүгін, 14:28

Сонымен қатар Олимпиада чемпионы болашақта бапкерлікке келуі мүмкін екенін де жасырмады.

instagram/serik_sapiyev

Қазақстандық танымал боксшы Серік Сәпиев спорттық мансабын не себепті ерте аяқтағанын түсіндірді. Сәпиевтің айтуынша, мансабын ары қарай жалғастыруға мүмкіндік болған. Десе де, сол сәтте жаттықтырушысының кеңесін қабылдап, спорттан кету туралы шешімге келген. Сәйкесінше, 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатына (2013) қатысудан және AIBA Pro Boxing жобасымен келісімшарттан бас тартқан.

“Жалғастырсам әлем чемпионатына да барар едім. Бірақ жаттықтырушым “жеткілікті, сен бәріне жеттің, Федерацияға бар” деді. Мен үлкендердің сөзін тыңдадым”, — деді спортшы “Почему не я?” арнасына берген сұхбатында.

Сәпиев бұл шешіміне өкінбейтінін атап өтті. Оның пікірінше, әр нәрсенің өз уақыты бар.

“Қазір өкінбеймін. Мүмкін, әрі қарай жалғастырсам, жеңіліп қалатын ба едім. Демек, солай болуы керек еді”

Ресми түрде Серік Сәпиев 2012 жылдың желтоқсанында, Лондон Олимпиадасы ойындарындағы тарихи жеңісінен кейін мансабын аяқтады. Ол турнирде алтын медаль жеңіп қана қоймай, үздік боксшыға берілетін Вэл Баркер жүлдесін иеленген. 

Болашақта бапкер болуы мүмкін

Қазіргі таңда Сәпиев болашақта бапкерлікке келуі мүмкін екенін де жасырмады.

“Кейде жаттықтырушы болғым келеді. Мүмкін, болашақта зейнетке шыққанда осы бағытқа келермін."

Реклама
Реклама