Перттегі UFC турнирі бірінші раундтағы сабмишенмен басталды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Австралияның Перт қаласында UFC Fight Night 275 турнирі тартысты жекпе-жекпен басталды.

Перттегі UFC турнирі бірінші раундтағы сабмишенмен басталды (ВИДЕО)
mmamania.com

Коди Стил алғашқы раундта жеңіске жетті

Жеңіл салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Коди Стил қарсыласына аяққа бағытталған ауырту әдісін сәтті қолданып, Дом Мар Фанды берілуге мәжбүр етті.

Осылайша америкалық файтер төрешілер шешіміне жеткізбей, бірінші раундта айқын жеңіске жетті.

Бұл нәтиже Коди Стил үшін ерекше маңызды болды. Ол былтыр UFC-дегі дебюттік кездесуінде жеңіліп қалған еді. Перттегі жеңістен кейін оның кәсіби ММА-дағы рекорды 8 жеңіс, 1 жеңіліс болды.

Ал Дом Мар Фан мансабындағы үшінші жеңілісін қабылдады. Оның еншісінде бұған дейін 9 жеңіс болған.

UFC Fight Night 275 кешінің басты жекпе-жегі

Айта кетейік, UFC Fight Night 275 турнирінің басты айқасында австралиялық экс-чемпион Джек Делла Маддалена мен бразилиялық Карлос Пратес кездеседі.

Бұл жекпе-жек жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр, себебі Делла Маддалена өз елінде өнер көрсетсе, Пратес соңғы уақытта қарқынды көтеріліп келе жатқан қауіпті қарсыластардың бірі саналады.