Қазақстандық дзюдошы Душанбедегі Grand Slam турнирінде қола жүлдеден қағылды

Футбол шолушысы

Асқар Нарқұлов Тәжікстан астанасындағы Grand Slam турнирінде жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады.

Қазақстандық дзюдошы Душанбедегі Grand Slam турнирінде қола жүлдеден қағылды
instagram/@narkulovaskar

Қола үшін күресте жеңілді

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асқар Нарқұлов үшінші орын үшін өткен белдесуде молдовалық Виктор Стерпумен кездесті. Қазақстандық дзюдошы соңына дейін қарсылық танытқанымен шешуші сәтте қарсыласы басым түсті.

Осы нәтижеден кейін Нарқұлов Душанбедегі “Үлкен дулыға” турнирінде 5-орын алды. 

Айта кетейік, бұған дейін жұбаныш белдесуінде Нарқұлов тағы бір молдовалық дзюдошы Петру Пеливанды жеңіп, қола үшін күресуге мүмкіндік алған еді.

Қазақстан қоржынында бір медаль бар

Бір күн бұрын Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Нұрәділ Әлжан Душанбедегі Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштікке енді.