Қазақстан Душанбедегі Grand Slam турнирінде медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі

Тәжікстан астанасында дзюдодан Grand Slam сериясына кіретін ірі халықаралық турнир басталды.

Қазақстан Душанбедегі Grand Slam турнирінде медаль жеңіп алды
instagram/@kaz_judoteam

Қоржынға алғашқы медаль түсті

Бірінші жарыс күнінде финалдық блокқа Қазақстан құрамасынан бір ғана спортшы өте алды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрәділ Әлжан қола медаль үшін белдесуге шықты.

Шешуші кездесуде қазақ дзюдошысы ресейлік Ачыта Домбуды жеңді. Белдесу 1:0 есебімен Нұрәділдің пайдасына аяқталды.

Осылайша отандасымыз Душанбедегі Grand Slam турнирінде үшінші орын иеленіп, Қазақстан құрамасының медаль есебін ашты.

Алғашқы күндегі сәтсіздікті жуып-шайды

Нұрәділ Әлжанның бұл жеңісі Қазақстан құрамасы үшін аса маңызды болды. Себебі жарыстың алғашқы күнінде бірнеше қазақстандық дзюдошы турнирден ерте шығып қалған еді.

Бұған дейін Ердәулет Босжа, Нұрсұлтан Зайзағалиев және Тоқтар Ұматалиев алғашқы белдесуден кейін жарысты аяқтады.