Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда Төрехан Сабырханды жеңген боксшымен жұдырықтасады
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйянь қаласындағы World Boxing Әлем кубогының финалына шығу үшін иорданиялық Зейяд Ишаишпен кездеседі.
Ширек финалда өзбекстандықты жеңді
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Абылайхан Жүсіпов ширек финалда өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен жұдырықтасты. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілер жеңісті бірауыздан Қазақстан өкіліне берді. Осылайша Жүсіпов турнирдің жартылай финалына шығып, кемінде қола медаль місе тұтты.
Қарсылас – тәжірибелі Зейяд Ишаиш
Жартылай финалда Абылайхан Жүсіповтің қарсыласы Иордания құрамасының боксшысы Зейяд Ишаиш болады. Ол параллель өткен ширек финалдық кездесуде ирландиялық Пэдди Хьюиттті төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңді. Есеп – 4:1.
Жүсіпов пен Ишаиш арасындағы финал жолдамасына талас 20 маусымда өтеді.
Зейяд Ишаиш – Азиядағы ең тәжірибелі орта салмақ боксшыларының бірі. Ол бұған дейін де Қазақстан құрамасының өкілдерімен маңызды жекпе-жектер өткізген.
2024 жылы Париж Олимпиадасында Ишаиш сол кездегі Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновты жарыс жолынан шығарған. Сонымен қатар 2026 жылы Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының финалында қазақстандық жұлдыз Төрехан Сабырханға ересектер арасындағы алғашқы жеңілісін тіркетті.