Саламат Исбулаев PFL-дегі басты айқаста қарсыласына есе жіберді
Осылайша, қазақстандық спортшы мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады.
Қазақстандық файтер Саламат Исбулаев PFL турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Эй Джей Маккиге есе жіберді. Бұл нәтиже отандасымыздың ММА мансабындағы алғашқы жеңілісі болды.
Аралас жекпе-жек кеші АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында өтті. Саламат Исбулаев пен Эй Джей Макки арасындағы айқас жартылай жеңіл салмақта ұйымдастырылды.
Исбулаев пен Макки үш раунд жұдырықтасты
Басты жекпе-жек үш раундқа есептелген болатын. Кездесу соңына дейін жалғасып, жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды.
Бұл жеңіліс Саламат Исбулаев үшін кәсіби мансабындағы алғашқы сәтсіздік болды. Бұған дейінгі 10 жекпе-жектің бәрінде қазақстандық спортшы жеңіліс көрмеген еді.
Айта кетейік, Саламат Исбулаев үшін бұл PFL лигасындағы екінші жекпе-жек болды. Бұған дейін ол промоушендегі дебютінде жеңіске жеткен болатын.
Ал Эй Джей Макки бұл жеңістен кейін кәсіби ММА мансабындағы 25-жеңісін тіркеді. Оның жалпы рекорды 25 жеңіс және 2 жеңіліске жетті.
PFL лигасындағы көрсеткіші де жақсарды. Енді Маккидің промоушендегі статистикасы — 4 жеңіс және 1 жеңіліс.