Қазақстан бокстан жастар арасында Азия чемпионатына қатысатын құрамды жариялады

Жекпе-жек шолушысы
29.06.2026, 18:20

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрамалары Джакартада өтетін Азия чемпионатына қатысатын тізімді ресми түрде жариялады.

el.kz

Қазақстан Азия чемпионатына дайын

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, ел намысын Азия чемпионатында жасөспірімдер құрамасы және 23 жасқа дейінгі жастар құрамасы қорғайды.

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты 3-16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтеді. Турнирге 26 елден 430-дан астам боксшы қатысады деп жоспарланған.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының құрамы

Ерлер

  • 55 кг: Едіге Нұрғожа
  • 60 кг: Досжан Жұмақан
  • 65 кг: Ақжүрек Қалабай
  • 70 кг: Бибарыс Аширбай
  • 75 кг: Хамза Мақсатұлы
  • 80 кг: Тимур Тайбеков
  • 85 кг: Руслан Ахметов
  • 90 кг: Жалғас Өтебеков
  • +90 кг: Владислав Саможонов

Әйелдер

  • 48 кг: Мадира Жұмақан
  • 51 кг: Жадыра Қалтай
  • 54 кг: Марал Төлепберген
  • 57 кг: Ақнұр Тұрсынғали
  • 60 кг: Жасмин Абрамян
  • 65 кг: Айсұлу Мұхит
  • 70 кг: Камила Оспанова
  • 75 кг: Алтынгүл Аймұхан
  • 80 кг: Айдана Ұбайдуллақызы
  • +80 кг: Зарина Толыбай

Жастар құрамасының толық тізімі

Ерлер

  • 50 кг: Нұрзат Оңғаров
  • 55 кг: Бексұлтан Боранбек
  • 60 кг: Нұрасыл Төлебек
  • 65 кг: Асылхан Көшербай
  • 70 кг: Нұрбек Мұрсал
  • 75 кг: Аман Қонысбек
  • 80 кг: Өнер Сейілхан
  • 85 кг: Темірлан Мұқатаев
  • 90 кг: Ибрагим Битаев
  • +90 кг: Аслан Елдібайұлы

Әйелдер

  • 48 кг: Гүлназ Бөрібаева
  • 51 кг: Анита Әдішева
  • 54 кг: Сымбат Әлиасқар
  • 57 кг: Ұлжан Сәрсенбек
  • 60 кг: Аяжан Ермек
  • 65 кг: Аружан Жаңабаева
  • 70 кг: Азиза Исина
  • 75 кг: Шұғыла Нәлібай
  • 80 кг: Құралай Егінбайқызы
  • +80 кг: Панар Сейітханқызы

Құрама бапкерлері кім?

Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамаларын бірнеше тәжірибелі маман бастап барады.

U-19 ерлер құрамасының аға бапкері — Бақыт Сәрсекбаев.

U-19 әйелдер құрамасының аға бапкері — Жанкелді Ахметов.

U-23 әйелдер командасының аға бапкері — Марат Қырықбаев.

U-23 ерлер құрамасының аға бапкері — Мақсат Бақтыбазаров.

Реклама
Реклама