Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатыспайды: бас бапкер себебін түсіндірді

Қазақстанның ескек есу құрамасы әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатыспайды: бас бапкер себебін түсіндірді
Olympic.kz

Бас бапкер Асылан Құсайыновтың айтуынша, команда бар күшін қыркүйекте өтетін Азия ойындарына дайындыққа бағыттауды шешкен.

Негізгі мақсат - Азия ойындары

Қазақстан құрамасы биылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатыспайды. Бас бапкердің айтуынша, мұндай шешім команданың күшін бірнеше ірі жарысқа бөлмей, Азия ойындарына барынша сапалы дайындалу үшін қабылданған.

“Биыл ересектер арасындағы әлем чемпионатына бармаймыз. Қазір команда жоспар бойынша дайындалып жатыр. Ал соңғы оқу-жаттығу жиынында басты назар спортшыларды Азия ойындарына барынша жақсы дайындауға аударылады. Бірнеше ірі жарысқа қатар дайындалмай, күш-қуатты дұрыс пайдалану қажет.”, – деді Асылан Құсайынов.

Жас спортшылар да тәжірибе жинады

Құсайынов жасөспірімдер арасындағы бағытты ұлттық құраманың болашақ резервін қалыптастыру тұрғысынан маңызды деп атап өтті.

“Жастар құрамасымен жұмыс істеу – біз үшін маңызды бағыттардың бірі. Себебі ұлттық құраманың болашағын қалыптастыратын спортшылар осы буыннан шығады. U19 әлем чемпионаты жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе болды. Сонымен қатар жастар үшін әлемдік жарыстардың деңгейін сезініп, алдағы уақытта қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсіну маңызды.”

Еске салсақ, ескек есу бойынша әлем чемпионаты 24-30 тамыз аралығында Амстердамда өтеді. Ал XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы мен Айти префектурасында ұйымдастырылады.

Жарнама
Жарнама