Ауыр атлеттер Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Ташкентте жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 8 алтын, 5 күміс және 7 қола жүлде еншіледі.
Азия чемпионатындағы нәтижелер
Жарыста қазақстандық зілтеміршілер бірнеше жас санатында сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша құрлық біріншілігінің жүлдегерлері атанды.
Жәнібек Кішкенбаев басқаратын Қазақстан құрамасы үш санат бойынша медаль иеленді.
MASTERS санаты
- 53 кг: Виктория Мурашкина — күміс;
- 60 кг: Мұхаммедәлі Қойшыбек — күміс;
- 61 кг: Інсана Рашидова — алтын;
- 75 кг: Рамазан Омар — қола.
Бұл санатта Қазақстан құрамасы төрт жүлде місе тұтты.
YOUTH санатындағы төрт алтын
Жастар арасындағы бәсекеде қазақстандық ауыр атлеттер сегіз медаль жеңіп алды. Оның төртеуі — алтын.
- 57 кг: Снежана Кашкарова — алтын;
- 57 кг: Нұрсила Берікбол — қола;
- 61 кг: Ксения Прозорова — алтын;
- 65 кг: Бейбарыс Ерсейіт — алтын;
- 69 кг: Маргарита Ермакова — қола;
- 70 кг: Төрехан Асанхан — күміс;
- 95 кг: Нұржан Жұмабай — алтын;+77 кг: София Шешукова — қола.
Осылайша YOUTH санатында отандастарымыз 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль еншіледі.
JUNIOR санатындағы жүлдегерлер
Юниорлар арасындағы жарыста да Қазақстан құрамасы сегіз рет тұғырға көтерілді.
- 57 кг: Снежана Кашкарова — алтын;
- 65 кг: Бейбарыс Ерсейіт — қола;
- 69 кг: Кира Данилова — күміс;
- 77 кг: Аянат Жұмағали — алтын;
- 85 кг: Ақжол Құрманбек — алтын;
- 85 кг: Ерасыл Сәулебеков — қола;
- 95 кг: Әлихан Әскербай — қола;
- +86 кг: София Шешукова — күміс.
Бұл санаттағы қорытынды көрсеткіш — 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль.
Қазақстан 20 медальмен жарысты аяқтады
Қоссайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Ташкенттегі Азия чемпионатында жалпы саны 20 жүлде жеңіп алды (8 алтын, 5 күміс, 7 қола).
Снежана Кашкарова жарыстың ең нәтижелі қазақстандықтардың бірі болды. Ол YOUTH және JUNIOR санаттарында екі рет алтын медаль иеленді. София Шешукова да екі жас санатында жүлдеге қол созса, Бейбарыс Ерсейіт алтын және қола медаль жеңіп алды.
Былтырғы нәтижені жақсартты
Ташкенттегі көрсеткіш Қазақстан құрамасының 2025 жылы Астанадағы Азия чемпионатындағы нәтижесінен жоғары болып шықты.
Елордадағы құрлық біріншілігінде ауыр атлеттеріміз 17 медаль — 7 алтын, 4 күміс және 6 қола жеңіп алған еді.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.