Жарнама
Жарнама

"Қайрат" Канье Уэсттың концертіне байланысты күтпеген шешім қабылдады

Алматылық клуб Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры аясында "Ұлытауға" қарсы кездесудің өту тәртібіне қатысты шешім қабылдады. 

"Қайрат" Канье Уэсттың концертіне байланысты күтпеген шешім қабылдады
instagram/@f.c.kairat

Матч көрерменсіз өтеді

Клубтың мәліметінше, кездесу 15 тамыз күні сағат 18:00-де Тимур Сегізбаев атындағы "Қайрат" футбол академиясының алаңында өтеді.

Матчқа жанкүйерлер кіргізілмейді. Мұндай шешім Алматыдағы Орталық стадионда концерттен кейін жүргізіліп жатқан демонтаж жұмыстарына байланысты қабылданған.

"Алдағы Премьер-лиганың 9-туры аясындағы үй матчы 15 тамыз күні сағат 18:00-де Т.С. Сегізбаев атындағы "Қайрат"академиясының алаңында өтеді. Ойын орнының өзгеруі Орталық стадионда концерттен кейін жүргізіліп жатқан демонтаж жұмыстарына байланысты. Инфрақұрылымдық шектеулер мен трибуналардың сыйымдылығы аз болғандықтан, кездесу жабық режимде өтеді", — деп хабарлады "Қайраттың" баспасөз қызметі.

Канье Уэсттың концерті "Қайраттың" матчтарына әсер етті

Бұған дейін де алматылық клуб Орталық стадионды пайдалана алмаған. Соның салдарынан Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі үй матчын Алматыдан тыс жерде өткізуге мәжбүр болды.

"Левскиге" қарсы кездесу Түркістанда ұйымдастырылды. Бұған Алматыдағы басты футбол аренасының америкалық рэпер Канье Уэсттың ауқымды концертіне дайындық жұмыстарына берілуі себеп болған.

Канье Уэсттың Алматыдағы концерті 14 тамызға жоспарланған.

Жарнама
Жарнама