Төрт финалдағы төрт сәтсіздік: Қазақстан балуандары Паттайяда үлкен мүмкіндіктен айырылды
Еркін күрестен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында жалпы медаль есебінде үздік үштікке ене алмады.
Нәтижеқандай болды?
27-29 маусым аралығында Паттайяда күрестен U-15 Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық додада Қазақстанның жас еркін күрес шеберлері жүлдесіз қалған жоқ. Команда жалпы 1 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль иеленді.
Дегенмен нәтиже екіұшты әсер қалдырды. Қазақстан құрамасының бірден бірнеше салмақта финалға шығуы медаль кестесінде жоғары орын алуға мүмкіндік берген еді. Бірақ төрт шешуші белдесудегі жеңіліс ел құрамасын ТОП-3-тен тыс қалдырды.
Қазақстан құрамасының U-15 Азия чемпионатындағы нәтижесі:
- 38 кг: Дамир Салават — қола медаль
- 41 кг: Мирас Әбдікәрім — алтын медаль
- 44 кг: Бектөре Заманбек — күміс медаль
- 48 кг: Әмір Серік — күміс медаль
- 52 кг: Мадияр Әбдікәрімов — қола медаль
- 57 кг: Бибарыс Түзелбаев — қола медаль
- 68 кг: Наиль Зейналов — күміс медаль
- 75 кг: Ерсұлтан Сүлеймен — күміс медаль
- 85 кг: Зелимхан Цицкиев — қола медаль
Төрт финалдағы жеңіліс Қазақстанға қымбатқа түсті
Қазақстан құрамасы турнир барысында бірнеше салмақта алтынға таласа алды. Бірақ төрт финалдық белдесуде қарсыластарынан ұтылып, күміспен шектелді.
Егер осы финалдардың бір бөлігі жеңіспен аяқталғанда, Қазақстан медаль кестесінде үздік үштікке ғана емес, тіпті жалпы есепте бірінші орынға таласа алатын еді. Бірақ шешуші сәттердегі сәтсіздік команданың қорытынды орнын төмендетті.
Жалпы медаль кестесі:
1. Үндістан — 4 алтын, 1 күміс, 3 қола
2. Жапония — 2 алтын, 2 күміс, 4 қола
3. Тәжікстан — 2 алтын, 0 күміс, 0 қола
4. Қазақстан — 1 алтын, 4 күміс, 4 қола
5. Өзбекстан — 1 алтын, 2 күміс, 2 қола
6. Түрікменстан — 0 алтын, 1 күміс, 0 қола
7. Қырғызстан — 0 алтын, 0 күміс, 6 қола
8. Моңғолия — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола