Асу Алмабаев UFC рейтингінде көтерілді
Отандасымыз аса жеңіл салмақ дәрежесінде жапониялық Киоджи Хоригутиді артта қалдырды.
UFC ұйымы аса жеңіл салмақ дивизионының жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстандық Асу Алмабаев Бакуде өткен UFC Fight Night турниріндегі жеңісінен кейін өз позициясын жақсартты.
Алмабаев топ-5 қатарына кірді
Асу Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонды жеңгеннен кейін рейтингте бір саты жоғары көтерілді. Енді қазақстандық спортшы UFC-дің аса жеңіл салмағында бесінші орында тұр.
Алмабаев бұл жолы жапониялық Киоджи Хоригутиді басып озды. Хоригути жаңартылған рейтингте алтыншы орынға түсті.
UFC аса жеңіл салмағының үздік алтылығы
Жаңартылған рейтинг бойынша дивизионның топ-6 тізімі мынадай:
- Алешандре Пантожа
- Манель Капе
- Брендон Ройвал
- Тацуро Таира
- Асу Алмабаев
- Киоджи Хоригути
Аса жеңіл салмақтың қазіргі чемпионы — америкалық Джошуа Ван.
Ройвал Алмабаевты жекпе-жекке шақырды
Өткен демалыс күндері UFC 329 турниріндегі жеңісінен кейін рейтингтің үшінші нөмірі Брендон Ройвал Асу Алмабаевns ашық түрде жекпе-жекке шақырды.
Қазақстандық спортшы бұл ұсынысқа әлеуметтік желіде жауап беріп, жекпе-жекке дайын екенін көрсетті.