Рэймонд Мураталья Олимпиада чемпионын жеңіп, IBF белбеуін қорғады

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 14:18

Жеңіл салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Лас-Вегаста бразилиялық Робсон Консейсауға қарсы чемпиондық атағын екінші рет сәтті қорғады.

boxingscene.com

Консейсауға мүмкіндік бермеді

Консейсау бұған дейін әлем чемпионы атанған және Олимпиаданың алтынын жеңіп алған тәжірибелі былғары қолғап шебері саналады. Соған қарамастан Мураталья айқастың алғашқы раундтарынан-ақ басымдықты өз қолына алды.

Америкалық боксшы жекпе-жек бойы қарсыласын дәл соққыларымен және жоғары қарқынымен қыспаққа алып, рингте толық үстемдік танытты.

Он екі раундқа созылған кездесу қорытындысы бойынша барлық төреші жеңісті Рэймонд Муратальяға берді.

Төрешілердің есептері:

  • 119:109;
  • 118:110;
  • 119:109.

Сөйтіп жеңілмеген америкалық боксшы кәсіпқой мансабындағы 25-жеңісіне жетіп, IBF чемпиондық белбеуін сақтап қалды.

Мураталья салмақ ауыстыруы мүмкін

Жекпе-жектен кейін Рэймонд Мураталья болашақ жоспары туралы айтып, алдағы уақытта бір саты жоғары салмақ дәрежесіне көтерілуі мүмкін екенін жеткізді. Бұл шешім жүзеге асса, америкалық боксшы жаңа дивизионда да чемпиондық белбеу үшін таласуға мүмкіндік алады.

Мураталья 2025 жылдың мамыр айында ресейлік Заур Абдуллаевты жеңіп, IBF нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атанды.

2025 жылдың маусымында украиналық әйгілі боксшы Василий Ломаченко спорттық мансабын аяқтайтынын жариялады. Осыдан кейін IBF ұйымы Муратальяны жеңіл салмақтағы толыққанды әлем чемпионы ретінде бекітті.

Америкалық боксшы чемпиондық белбеуін алғаш рет 2026 жылдың қаңтарында қорғаған. Ол кубалық Олимпиада чемпионы Энди Крусты төрешілер шешімімен жеңді.

Реклама
Реклама