Дияр Нұрғожай UFC-де қарсыласын сұмдық нокаутпен сұлатты (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 09:20

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Лас-Вегастағы UFC Fight Night 284 турнирінде жарқын жеңіске жетті.

instagram/@ufc

Бруно Лопесті нокаутқа түсірді

Қазақстандық файтер бразилиялық Бруно Лопеспен кездесіп, жекпе-жекті бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқтады.

Нұрғожай қарсыласына шешуші соққы жасап, оны нокаутқа түсірді.

Бұл кездесу Дияр Нұрғожай үшін UFC ұйымындағы төртінші жекпе-жек болды. Оның промоушендегі көрсеткіші енді 2 жеңіс және 2 жеңіліс болды. 

Кәсіпқой ММА-дағы жалпы статистикасы 12 жеңіс пен 2 жеңіліске жетті.

Ал Бруно Лопес мансабындағы төртінші жеңілісіне ұшырады. Бразилиялық файтердың UFC-дегі нәтижесі 1 жеңіс және 3 жеңіліс болып тұр.

Енді Диярдың қатарынан екі жеңісі бар. Қазір оның UFC-ге кездейсоқ келгенін ешкім айта алмасы анық.

ТОП-15-ке ұмтылыс

Жекпе-жектен кейінгі сұхбатында Нұрғожай жанкүйерлерді UFC-дегі алғашқы екі сәтсіздігін ұмытуға шақырды. Себебі оның айтуынша, АҚШ-қа алғаш келген кезде артық "әбігерге" түсіп, өз мүмкіндігін толық көрсете алмаған.

Осындай тағы бір-екі жеңіс болса, жанкүйерлер бұрынғы сәтсіздіктерді ұмытып қана қоймай, қазақстандық нокаут шеберін UFC рейтингінің үздік ондығынан көруі де әбден мүмкін.

Бүгінгі жекпе-жек Дияр Нұрғожайдың мансабындағы ең үздік өнер көрсетуі болды деуге толық негіз бар. Осындай сенімді жеңістен кейін ол келесі қарсыласын UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы топ-15 файтерлерінің арасынан қарастыра алады.

Реклама
Реклама