Жарнама
Жарнама

Ұлдана Тілеухан Қазақстан қоржынына әлем чемпионатының медалін салды

Братиславада 20 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Ұлдана Тілеухан Қазақстан қоржынына әлем чемпионатының медалін салды
sportarena.kz

Қола үшін белдесу

Әйелдер күресінен 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық балуан үшінші орын үшін украиналық Александра Рыбакпен белдесті. Тартысты өткен кездесуде Ұлдана қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.

Ұлдана Тілеухан әлем біріншілігінің алғашқы айналымында жапониялық Ширин Такемотоны 11:0 есебімен айқын жеңген еді. Келесі белдесуде қытайлық Чен Сонға есе жіберді. Бірақ қытайлық балуан жарысты сәтті жалғастырып, финалға жолдама алды.

Осының арқасында Ұлдана Тілеухан жұбаныш белдесулерінде күресуге мүмкіндік алды.

Мүмкіндікті мүлт жібермеді

Қазақстандық балуан өзіне берілген мүмкіндікті толық пайдаланып, шешуші кездесуде украиналықты жеңді.

Нәтижесінде Ұлдана Тілеухан Братиславадағы U20 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жарнама
Жарнама