Жарнама
Жарнама

Қазақстандық файтер Өзбекстанда жергілікті қарсыласын жеңді

Қуанбек Бақгелді Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен Mangu Professional League 4 турнирінде жеңіске жетті.

Қазақстандық файтер Өзбекстанда жергілікті қарсыласын жеңді
instagram/@mangu_professional_league

Аса жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте Қуанбек Бақгелді (2-1) өзбекстандық Фазлиддин Махмудовпен (3-0) кездесті.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланып, толық дистанцияға созылды. Тартысты айқастың қорытындысында төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіс қазақстандыққа берілді.

Осы нәтижеден кейін Қуанбек Бақгелді кәсіби ММА мансабындағы үшінші жеңісін тіркеді. Бұл оның қатарынан қол жеткізген үшінші жеңісі болды. Ал бұған дейін кәсіби деңгейде жеңіліс көрмеген Фазлиддин Махмудов мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Осылайша қазақстандық файтер қарсыласын оның өз елінде жеңіп, кәсіби рекордын жақсартты.

Жарнама
Жарнама