ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Шавкат Рахмонов UFC-ге қайта оралуға дайындалып жатыр

Қазақстандық UFC жекпе-жек шеберінің жаттығу залындағы әлеуметтік желіде жаңа видеосы жарияланды. 

Шавкат Рахмонов UFC-ге қайта оралуға дайындалып жатыр
Instagram/@shavkatrakhmonov94

Жаттығуға қайта кірісті

Файтердің соққы техникасы бойынша жаттықтырушысы Оразалы Әлдібаев Рахмоновтың жаттығуынан жаңа кадрларды көрсетті. Видеода Шавкат бапкерімен жұптасып жұмыс істеп, соққы комбинацияларын пысықтап жатқанын көруге болады.

"Сюрприз, сюрприз! Король оралды. 77 келі", — деп жазды Оразалы Әлдібаев.

Бұл кадрлар ұзақ уақыт бойы жарақатын емдеген файтердың қалыпқа келу процесі сәтті өтіп жатқанын аңғартады.

UFC-де соңғы рет қашан жұдырықтасты?

Шавкат Рахмонов UFC октагонына соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шыққан.

UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрримен кездесіп, бес раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Сол жеңістен кейін Рахмоновтың кәсіпқой мансабындағы мінсіз көрсеткіші сақталып, рекорды 19 жеңіс және 0 жеңіліске жеткен еді.

Неге ұзақ уақыт жекпе-жек өткізбеді?

Қазақстандық файтердің ұзақ үзіліс жасауына тізесінен алған ауыр жарақат себеп болды.

2025 жылдың басында Рахмонов жаттығу кезінде алдыңғы айқас байламын үзіп алып, кейін операция жасатты. Осыдан соң ұзақ мерзімді оңалту кезеңінен өтуге мәжбүр болды.

Жарақатына байланысты Шавкат өткен маусымда UFC-де бірде-бір жекпе-жек өткізген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.