Жарнама
Жарнама

Асу Алмабаев жаңа лигада 88 секундта жеңіліп қалды

Отандасымыз Real American Freestyle лигасындағы дебютінде Джонни ДиДжулиуске қарсы шыққан болатын. 

Асу Алмабаев жаңа лигада 88 секундта жеңіліп қалды
sport-hub.kz

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев Real American Freestyle (RAF) лигасындағы алғашқы кездесуін өткізді. 

Алмабаев 88 секундта жеңілді

Кливленд қаласында өткен RAF 12 еркін күрес турнирінде Асу Алмабаев Джонни ДиДжулиуспен белдесті.

Кездесу қазақстандық спортшы үшін сәтсіз аяқталды. ДиДжулиус бірінші раундтың 88-секундында 10:0 есебімен алға шығып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша Алмабаев жаңа лигадағы дебюттік белдесуінде жеңіліс тапты.

Джонни ДиДжулиус RAF-тегі екінші жеңісіне жетті

Ал Алмабаевты жеңген Джонни ДиДжулиус Real American Freestyle лигасындағы екінші жеңісін тіркеді.

Бұған дейін америкалық балуан отандасы Конор Бибтен басым түскен. Сонымен қатар оның RAF аясында екі жеңілісі де бар. ДиДжулиус мексикалық Пат Луго мен грузиялық Владимир Хинчегашвилиге есе жіберген.

RAF 12 турнирінің басты жекпе-жегі

RAF 12 кешінің басты кездесуінде Грузия өкілі Мераб Двалишвили мен америкалық Генри Сехудо реванш өткізеді.

Ал Асу Алмабаев үшін бұл турнир еркін күрес форматындағы жаңа тәжірибе болды. Қазақстандық файтердің негізгі мансабы UFC-де жалғасады.

Жарнама
Жарнама