ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Данияр Елеусінов АҚШ-та жаттығуға кірісті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы АҚШ-та жаттығу жұмыстарын қайта бастады.

Данияр Елеусінов АҚШ-та жаттығуға кірісті
baq.kz

Жаттығу залынан видео жариялады

Қазақстандық боксшы Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жаттығу кезінде бокс қапшығымен жұмыс істеп жатқан сәтін көрсетті. Жарияланған видеода Елеусінов белсенді қарқында жаттығып, физикалық бабын қайта қалыпқа келтіруге кіріскені байқалады.

"Жұмысқа кірістім", – деп жазды Данияр Елеусінов.

Осылайша соңғы уақытта спорттан тыс оқиғалармен жиі назарға іліккен Олимпиада чемпионы қайтадан жаттығу процесіне оралды.

Елеусінов кәсіпқой рингтегі соңғы кездесуін 2025 жылғы 19 шілдеде АҚШ-та өткізген. Вашингтонда ұйымдастырылған бокс кешінде филиппиндік Джеймс Бэконды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. Содан бері Елеусінов ресми жекпе-жек өткізген жоқ.

Шілдедегі оқиғадан кейін әкімшілік жаза алған

2026 жылдың шілдесінде Данияр Елеусінов Астанада жол-көлік оқиғаларына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Боксшы көлікті мас күйде басқарғаны және оқиға орнын тастап кеткені үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Бұған дейін Елеусінов әлеуметтік желіде ашық видеоүндеу жариялап, Олимпиададан кейін алкогольге байланысты қиындықтарға тап болғанын айтқан еді.

Қазір боксшы АҚШ-тың Флорида штатындағы Кендалл қаласында дайындалып жатыр. Ол Америкаға тамыз айының ортасында отбасымен бірге барған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.