Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде он алтын медаль жеңіп алды
Бокстан Қазақстан қыздар құрамасы Польшаның Гливице қаласында өткен Silesian Open-2026 халықаралық турнирінде жоғары нәтиже көрсетті.
Қазақстан құрамасы 14 медаль иеленді
Қазақстандық боксшылар 17 және 19 жасқа дейінгі екі жас санатында өнер көрсетті. Ұлттық құрама қоржынына жалпы саны 14 медаль түсті.
U-17 санатында төрт отандасымыз чемпион атанды:
- Нұрайым Құдайберген — 52 келі;
- Балым Ғабитқызы — 60 келі;
- Мәдина Нұрманова — 63 келі;
- Аяулым Оспанова — 70 келі.
U-19 құрамасы алты алтын алды
19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы жарыста Қазақстан өкілдері алты салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді:
- Асылай Мұрат — 48 келі;
- Мәдина Жұмахан — 51 келі;
- Жанель Имантаева — 54 келі;
- Камила Оспанова — 70 келі;
- Алтынгүл Аймұхан — 75 келі;
- Зарина Толыбай — 80 келіден жоғары.
Күміс пен қола жүлде иегерлері
Ақнұр Тұрсынғали 60 келіде, ал Айдана Ұбайдуллақызы 80 келі салмақта турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Марал Төлепберген 54 келіде және Рамина Маханова 57 келі салмақта қола медаль иеленді.
Silesian Open-2026 халықаралық додасына әлемнің 18 елінен 200 боксшы қатысты.
Жарнама
Жарнама