Жарнама
Жарнама

Әділет Құрметов тәжікстандық боксшыны жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық боксшы Әділет Құрметов IBA Nomad турнирінде тәжікстандық Асрор Акпарходжаевпен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

Әділет Құрметов тәжікстандық боксшыны жекпе-жекке шақырды
instagram/akurmetov

Құрметов бұл туралы Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Қазақстандық боксшы қазан айында Ташкентте өтеді деп жоспарланған IBA Nomad турнирінде Акпарходжаевпен жұдырықтасқысы келетінін жеткізді.

"Жерлесіміздің есесін қайтарғым келеді"

Әділет Құрметовтің айтуынша, ол Асрор Акпарходжаевпен жекпе-жек өткізуге үлкен қызығушылық танытып отыр. Бұған тәжікстандық боксшының бұған дейін Айдос Жаппарбергеновті нокаутпен жеңуі себеп болған.

"Қазан айында IBA Nomad Ташкентте турнир өткізгісі келетінін естідім. Маған Асрор Акпарходжаевпен жекпе-жек керек. Ол өткен жолы Айдосты нокаутпен жеңді. Жерлесіміздің есесін қайтарғым келеді. ММА қолғаптарымен де жекпе-жек өткізуге қуана келісемін. Егер лига ұсыныс жасаса, дайынмын", — деді Құрметов.

Айта кетейік, биыл мамыр айында Әділет Құрметов One Round нокаут-шоуында жеңімпаз атанды. Ол жеңіл салмақтағы турнир барысында үш қарсыласын да мерзімінен бұрын жеңіп, RCC HARD жалаң жұдырық лигасымен келісімшартқа отырған.

Қазақстандық боксшының жаңа форматтағы дебюті 12 қыркүйекте Челябіде өтеді. Оның алғашқы қарсыласы ресейлік Даниил Школин.

Жарнама
Жарнама