Каратэші Жоламан Биғабыл Азиада финалында өзбек қарсыласын тізе бүктірді
Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Финалда өзбекстандық қарсыласын жеңді
Айти мен Нагоя қалаларында ұйымдастырылған құрлықтық додада Жоламан Биғабыл кумитэ бағдарламасы бойынша 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Ол финалдық жекпе-жекте өзбекстандық Хумоинмырза Халимовпен кездесті. Биғабыл айқын басымдық танытып, белдесуді 9:1 есебімен аяқтады.
Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті
Осы жеңістің арқасында Жоламан Биғабыл Азия ойындарының чемпионы атанып, Қазақстан құрамасына жарыстағы үшінші алтын медальді сыйлады.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатыр.
Жарнама
Жарнама