ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Азия ойындары: Қазақстан боксшылары алғашқы қарсыластарын білді
olympic.kz

Азия ойындары: Қазақстан боксшылары алғашқы қарсыластарын білді

Бокс турнирі 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. Жалпы, саны 11 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Жапонияның Нагоя қаласында өтетін жазғы Азия ойындарының ерлер арасындағы бокс турниріне жеребе тартылды. Соның нәтижесінде Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды.

55 келіде Махмұд Сабырхан Иран өкілі Каземи мен КХДР боксшысы Чон Со арасындағы кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасады.

60 келіде Оразбек Асылқұловтың қарсыласы Лин (Қытай Тайбэйі) – Жанг (Оңтүстік Корея) жекпе-жегінен кейін белгілі болады.

70 келіде Төрехан Сабырхан Нгуйен (Вьетнам) – Дбичи (Қатар) кездесуінің жеңімпазымен шығады.

80 келіде Сабыржан Аққалықов Оңтүстік Корея өкілі Мин Киммен кездеседі.

90 келіде Нұрбек Оралбай Ауғанстан боксшысы Нооржға қарсы жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы келесі кезеңде 2025 жылғы әлем чемпионы, өзбекстандық Тұрабек Хабибуллаевпен кездеседі.

+90 келіде Айбек Оралбай Қырғызстан боксшысы Кошалиев пен Түрікменстан өкілі Есламов арасындағы айқастың жеңімпазын күтеді.

Азия ойындарында 11 медаль жиынтығы сарапқа салынады

Бокс турнирі 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді.

Жалпы 11 медаль жиынтығы ойнатылады:

  • ерлер арасында – 6;
  • әйелдер арасында – 5.

Қазақстан соңғы рет 2014 жылы алтын алған

Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда чемпион атанды.

Одан кейін Джакарта-2018 және Ханчжоу-2023 ойындарында Қазақстан құрамасы ерлер арасында алтын медальсіз қалды.

Жарнама
Жарнама