ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Қазақстандық үш файтер Азия ойындарының жартылай финалына шықты
sportarena.kz

Қазақстандық үш файтер Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Жартылай финал 21 қыркүйекте өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде Азия ойындарының төрт алтын және екі қола медалі бар.

Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының үш MMA спортшысы жартылай финалға жолдама алды.

20 қыркүйекте өткен ширек финалдық кездесулерде отандастырымыз жеңіске жетіп, жүлдеге бір қадам жақындады.

71 келіге дейінгі modern санатында Қадырбек Шынбаев ширек финалда Бахрейн спортшысы Құрбан Идрисовтан басым түсті.

65 келіге дейінгі traditional санатында Санжар Әділов ирандық Афшин Салими Тупгараны жеңіп, келесі кезеңге шықты.

77 келіге дейінгі traditional санатында Еркінғали Бүркітәлин Оңтүстік Корея өкілі Юн Тэёнды жеңді.

Жартылай финал 21 қыркүйекте өтеді

MMA турнирінің жартылай финалдық жекпе-жектері 21 қыркүйекте өтеді.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде Азия ойындарының төрт алтын және екі қола медалі бар.

XX жазғы Азия ойындары Айти мен Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.

Жарнама
Жарнама