Жарнама
Жарнама
Назым Қызайбайдың жақын құрбысы ресейлік боксшыны финалға жібермеді
instagram.com/busenazsurmeneli/

Назым Қызайбайдың жақын құрбысы ресейлік боксшыны финалға жібермеді

Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы Бусеназ Сюрменели Софияда өтіп жатқан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалында ресейлік Надежда Голубеваны жеңіп, алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды.

Тартысты жекпе-жектегі жеңіс

Әйелдер арасындағы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында түркиялық Бусеназ Сюрменели ресейлік Надежда Голубевамен кездесті. Бес төреші бағалаған жекпе-жектің қорытындысында жеңіс түркиялық боксшыға бұйырды. Сюрменели қарсыласын 3:2 есебімен ұтты.

Осылайша Надежда Голубева финалға шыға алмай, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сюрменели мен Қызайбай бұрыннан таныс

Бусеназ Сюрменели – Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбайдың жақын құрбысы әрі спарринг-серіктестерінің бірі. Қос боксшы бұған дейін Түркияда бірнеше рет бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізген. Сюрменели де Қазақстанға жиі келіп, отандық боксшылармен бірге жаттығуларға қатысады. 

2026 жылғы Еуропа чемпионаты Болгария астанасы Софияда 25 қыркүйекке дейін өтеді. Бұл жарыс тарихқа World Boxing ұйымының қамқорлығымен өтіп жатқан алғашқы Еуропа чемпионаты ретінде енді. Турнирге ерлер және әйелдер құрамалары қатысуда.

Ресей құрамасы халықаралық рингке оралды

Биылғы чемпионаттың тағы бір ерекшелігі – Ресей құрамасының халықаралық жарыстарға қайта қатысуы. Ресейлік боксшылар жарысқа ұлттық туы, формасы және әнұранымен қатысу құқығына ие болды.

Надежда Голубеваның жартылай финалдағы жеңілісінен кейін 70 келі салмақта ресейлік қыз алтын жүлде үшін таластан шығып қалды.

Жарнама
Жарнама