Жарнама
Жарнама
"Ол менен қашқан жоқ": Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазды қорғап шықты
instagram.com/janibek_alimkhanuly/

"Ол менен қашқан жоқ": Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазды қорғап шықты

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) британиялық Хамза Шираздың (24-0-1, 19 КО) атына айтылып жатқан сынға қатысты пікір білдірді.

"Ол менен қорыққан жоқ"

Бұған дейін Шираз Жәнібекпен міндетті жекпе-жек өткізуден бас тартып, екінші орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуін босатқан еді. Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында британиялық боксшыға қатысты алып-қашпа әңгімелерді тоқтатуды сұрады.

"Ол менен қорықпайды. Ол менен қашқан жоқ. Ол өз жоспарына сай шешім қабылдады. Оның да өз мақсаттары бар. Ол — менің бауырым. Сондықтан барлығынан оны менен қашты деп айтуды тоқтатуды сұраймын. Ол керемет боксшы, мен оған тек құрметпен қараймын", – деп жазды қазақстандық боксшы.

Жәнібек жазбасында Хамза Шираздың аккаунтын да белгілеген.

WBO белбеуі вакантты қалды

Шираз чемпиондық атақтан бас тартқаннан кейін WBO-ның екінші орта салмақтағы белбеуі бос қалды. Бүкіләлемдік бокс ұйымы енді вакантты титул үшін Жәнібек Әлімханұлы мен жеңіліссіз даниялық Якоб Банк (20-0, 11 КО) арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша келіссөз бастауға тапсырма берді.

Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банктің өкілдері жекпе-жектің шарттары бойынша 7 қазанға дейін келісімге келуі тиіс. Егер тараптар ортақ мәмілеге келе алмаса, жекпе-жекті ұйымдастыру құқығы промоутерлік сауда арқылы анықталуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама