Бокстан Азиада финалдары қашан және нешеде басталады?
2 қазан күні Жапонияның Айти және Нагоя қалаларындағы Азия ойындарында бокстан финалдық кездесулер өтеді.
Қазақстандық боксшылар рингке нешеде шығады?
70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан иорданиялық Зеяд Ишаишпен кездеседі. Финалдық айқас 10:00-ге жоспарланған.
Ал аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай өзбекстандық Жахонгир Зокировпен алтын жүлдені сарапқа салады. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек 14:30-да басталады.
Финалдық кездесулерді "Qazaqstan" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция 09:00-де басталады.
Азиада-2026: бокстан барлық финалдың кестесі
- 09:00 Әйелдер 51 кг У Юй (Қытай) – Нгуен Тхи Там (Вьетнам)
- 09:15 Әйелдер 60 кг Линь Юйтин (Тайвань) – Ян Чэнъюй (Қытай)
- 09:30 Әйелдер 75 кг Бао Цзыи (Қытай) – Ловлина Боргохаин (Үндістан)
- 09:45 Ерлер 55 кг Карло Паалам (Филиппин) – Руи Ямагути (Жапония)
- 10:00 Ерлер 70 кг Төрехан Сабырхан (Қазақстан) – Зеяд Ишаиш (Иордания)
- 10:15 Ерлер 90 кг Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан) – Хань Сюэчжэнь (Қытай)
- 13:30 Әйелдер 54 кг Натнича Чонгпронгкланг (Таиланд) – Пан Чхоль Ми (Солтүстік Корея)
- 13:45 Әйелдер 65 кг Чэнь Няньцинь (Тайвань) – Парвин (Үндістан)
- 14:00 Ерлер 60 кг Абдумалик Халоков (Өзбекстан) – Чан Дон Хван (Оңтүстік Корея)
- 14:15 Ерлер 80 кг Анкуш (Үндістан) – Ким Мин Сон (Оңтүстік Корея)
- 14:30 Ерлер 90 келіден жоғары Айбек Оралбай (Қазақстан) – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)
Азиада-2026 бағдарламасында ерлер алты, әйелдер бес салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Финалист саны бойынша Қытай көш бастап тұр: бұл елдің төрт боксшысы алтынға таласады. Өзбекстан мен Үндістан құрамаларынан үш боксшыдан шешуші кезеңге шыққан.
Жарнама
Жарнама