Жарнама
Жарнама
Қазақстандық балуандар Азиадада қола медаль үшін белдеседі
Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық балуандар Азиадада қола медаль үшін белдеседі

Азамат Дәулетбеков пен Начын Куулар Айти-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль үшін белдесетін болады.

86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Азамат Дәулетбеков жұбаныш белдесуінде үндістандық Номан Закуды 10:0 есебімен жеңді. Енді қазақстандық балуан үшінші орын үшін кездесуде Сулдхуу Олонбайармен (Моңғолия) күреседі.

65 келіге дейінгі салмақта Начын Куулар да жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті. Ол Сауд Арабиясының балуаны Абдуллатиф Мохаммед Әлбакриді 4:0 есебімен ұтты. Енді Куулар қола медаль үшін Кванг Джин Киммен (Солтүстік Корея) кездеседі.

Еске салсақ, бұған дейін Зейнеп Баянова (50 кг) мен Едіге Қасымбек (125 кг) те қола жүлде үшін белдесетіні белгілі болған. Ал Эльмира Сыздықова Азия ойындарының алтыны үшін күреседі. Күрестен жарыстың финалдық кезеңі Қазақстан уақытымен 14:00-де басталады.

 

Жарнама
Жарнама