Жарнама
Жарнама
Қазақстандық джитсерлер медаль үшін өзара айқасты
infohub.kz

Қазақстандық джитсерлер медаль үшін өзара айқасты

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші кездесуде жеңіс Сейілхан Болатбекке бұйырды.

Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері Сейілхан Болатбек пен Адлан Мадаев Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль үшін өзара белдесті.

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші кездесуде жеңіс Сейілхан Болатбекке бұйырды. Қазақстандық дерби 2:0 есебімен аяқталды.

Болатбек жұбаныш белдесуі арқылы оралды

Сейілхан Болатбек ширек финалда жеңіліп қалғаннан кейін жүлде үшін күресті жұбаныш кезеңінде жалғастыруға мүмкіндік алды.

Бұл кезеңде ол Таиланд өкілі Чанвит Аунджайяны жеңіп, қола медаль үшін белдесуге жолдама алды.

Ал Адлан Мадаев турнирде жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде ол БАӘ спортшысы Махди Алаулакиге есе жіберіп, қола жүлде үшін белдесуге түскен еді.

Жарнама
Жарнама