Жарнама
Жарнама
Әбужақынова Бакудегі әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңілді
instagram/@kaz_judoteam

Әбужақынова Бакудегі әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңілді

Дзюдодан Азиада-2026 күміс жүлдегері Бакудегі дзюдодан әлем чемпионатын алғашқы кездесуден кейін аяқтады. 

Басымдықты сақтап қала алмады

Қазақстандық дзюдошы түркиялық Мерве Азакқа есе жіберді. 

Әбужақынова алғашқы белдесуін сәтті бастап, есепте 1:0 есебімен алға шықты. Дегенмен кездесу соңында түркиялық қарсыласы әдіс жасап, кейін қазақстандық дзюдошыны татамиде ұстап тұрды.

Нәтижесінде Мерве Азак "иппонмен" жеңіске жетіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал 29 жастағы Әбужақынова әлем біріншілігіндегі жорығын бірінші белдесуден соң тоқтатты.

Азиада финалынан кейін татамиге шықты

Әбиба Бакудегі әлем чемпионатына Жапонияда өткен Азия ойындарының финалынан небәрі төрт күннен кейін қатысты.

Азиада-2026 жарысында күміс медаль иеленген дзюдошы бұл жолы алғашқы қарсыласынан өте алмады.

Жарнама
Жарнама