Қазақстан – Фарер аралдары матчында кім төрелік ететіні белгілі болды
Қазақстан мен Фарер аралдары арасындағы кездесу 6 қазанда, сейсенбі күні "Астана Аренада" өтеді.
UEFA Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан – Фарер аралдары кездесуіне қызмет көрсететін төрешілер бригадасы белгілі болды.
Матчтың бас төрешісі болып Эстония өкілі Кристо Тохвер* тағайындалды.
Төрешілер бригадасы
Қапталдағы төрешілер қызметін Тохвердің отандастары Сильвер Кыйв пен Сандер Сара атқарады. Төртінші төреші – Карл Коппель.
VAR жүйесіне Марко Лийва жауап берсе, оның көмекшісі Юрий Фришер болады.
Матч қашан өтеді?
Қазақстан мен Фарер аралдары арасындағы кездесу 6 қазанда, сейсенбі күні "Астана Аренада" өтеді.
Матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Бұл – Ұлттар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші тур кездесуі.
Еске салайық, Джон ван ’т Шхип жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бұған дейін Фарер аралдарымен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті.
Кейін Словакиядан 1:2, Молдовадан да 1:2 есебімен жеңілді.