Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ұшаққа мінуден қорықты: Фарер құрамасының көшбасшысы Қазақстанға келмеді

Фарер аралдары құрамасының шабуылшысы Адриан Юстинуссен Қазақстанға қарсы Ұлттар лигасы матчына қатыспайды. 

Ұшаққа мінуден қорықты: Фарер құрамасының көшбасшысы Қазақстанға келмеді
фото ашық дереккөзден алынды

Ұзақ сапардан бас тартты

Фарерлік Roysni.fo басылымы шабуылшының Астанаға командамен бірге ұшпағанын жазған. Фарер аралдарының футбол федерациясы Юстинуссеннің аэрофобияға, яғни әуе сапарынан қорқуға байланысты ұзақ рейстен босатуды сұрағанын хабарлады. Бапкерлер штабы футболшының өтінішін қабылдаған.

Осылайша қонақтар Қазақстанға қарсы кездесуде екі маңызды ойыншысына арқа сүйей алмайды. Юстинуссеннен бөлек, дисквалификация алған қорғаушы Андриас Эдмундссон да алаңға шықпайды.

Молдоваға сапар да оңай болмаған

Юстинуссен жасөспірім кезінде ұшудан қорқып, халықаралық матчтарды жиі өткізіп алған. Кейін шабуылшы бұл мәселені жеңу үшін жұмыс істегенімен, осы турнир аясындағы Молдоваға сапар оған ауыр тиген.

Фарер құрамасының Қазақстанға жетуіне жалпы 15 сағат кеткен. Соның ішінде екінші рейстің өзі алты жарым сағатқа созылған. Ұзақ жолды ескерген Юстинуссен бұл жолы ұлттық командаға көмектесе алмайтынын жеткізген.

Қазір қонақтардың бапкерлер штабының қарамағында 23 футболшы бар.

Қазақстан – Фарер аралдары матчы қашан өтеді?

Қазақстан мен Фарер аралдары арасындағы УЕФА Ұлттар лигасының матчы 6 қазанда Астанада өтеді.

Джон ван ’т Шкип жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бір ұпаймен С лигасының үшінші тобында соңғы орында тұр. Ал фарерліктер өткен турда өз алаңында Словакиямен 1:1 есебімен тең түскен. Сол кездесуде команданы жеңілістен құтқарған голды Адриан Юстинуссен соққан.

Бұл туралы не ойлайсыз?