Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қуат Хамитов Қазақстан футболын дамытудың жолын ұсынды

Спортшының пікірінше, Қазақстан қысқа мерзімді нәтижеге емес, балалар футболы мен болашақ ойыншыларды дайындауға басымдық беруі керек.

Қуат Хамитов Қазақстан футболын дамытудың жолын ұсынды
Vesti.kz

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов ел футболының қазіргі жағдайына пікір білдіріп, саланы дамытудың өз нұсқасын ұсынды. Спортшының пікірінше, Қазақстан қысқа мерзімді нәтижеге емес, балалар футболы мен болашақ ойыншыларды дайындауға басымдық беруі керек. Бұл туралы sports.kz хабарлады. 

Хамитов бұл пікірін Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі көрсеткішіне қатысты Instagram-дағы жазбаның астында қалдырды. 

"Егер ел дамығысы келсе, футболды 10 жылға жабыңдар! Бар күшті базаға, балалар футболына жұмсаңдар. Әлемнің ең мықты бапкерлерін шақырып, болашаққа ставка жасау керек. Сонда ғана Қазақстан футболында мүмкіндік пайда болуы мүмкін", – деп жазды Қуат Хамитов.

Қазақстан FIFA рейтингінде төмендеді

Ұлттар лигасындағы алғашқы үш матчтан кейін Қазақстан құрамасы FIFA-ның live-рейтингінде 116-орынға түсті.

Команда алдыңғы ресми рейтингпен салыстырғанда бес саты төмендеп, 1166,65 ұпай жинаған.

Еске салсақ, 2 қазанда Қазақстан құрамасы өз алаңында Молдовадан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Үш турдан кейін ұлттық құраманың еншісінде бір ғана ұпай бар. Келесі кездесуде Қазақстан 6 қазанда Фарер аралдарын қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?