Қазақстандық файтер өзбекстандықты жеңіп, Octagon чемпионы атанды
ММА шебері Керим Даидов Наманган қаласында өткен Octagon 92 турнирінде чемпиондық белбеуді жеңіп алды.
Чемпиондық айқас бір раундта аяқталды
Даидов басты жекпе-жекте жергілікті файтер Нуруллохон Абдуллаевты бірінші раундта тізе бүктірді.
Даидов пен Абдуллаев Octagon лигасының жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық атағын сарапқа салды. Бес раундқа жоспарланған кездесу алғашқы раундта-ақ аяқталды.
Қазақстандық файтер қарсыласына қылқындыру әдісін қолданып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Сөйтіп Керим Даидов лиганың жаңа чемпионы атанды.
Даидовтың 12-жеңісі, Абдуллаевтың алғашқы жеңілісі
Титулдық кездесуге дейін Даидовтың кәсіби ММА-дағы көрсеткіші 11 жеңіс пен екі жеңіліс болған. Намангандағы табысы оның мансабындағы 12-жеңісі болды.
Ал бұған дейін үш кездесуін де жеңіспен аяқтаған Нуруллохон Абдуллаев кәсіби мансабында алғаш рет жеңілді.