Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Шерзод Давлатов әлем чемпионатының финалына шықты

Финал үшін өткен белдесуде отандасымыз Олимпиада жүлдегерін жеңді.

Шерзод Давлатов әлем чемпионатының финалына шықты
olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында финалға жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық спортшы жартылай финалда Жапония өкілі Рюдзю Нагаямамен кездесті.

Рюдзю Нагаяма – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Осы жеңістің арқасында Давлатов Қазақстан құрамасына әлем чемпионатының кем дегенде күміс медалін қамтамасыз етті. Енді Шерзод Давлатов финалда алтын медаль үшін күреседі.

Финалдағы жеңіс қазақстандық дзюдошыға 2026 жылғы әлем чемпионы атағын алып келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?