Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Дзюдошы Шерзод Давлатов Бакудегі әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Қазақстандық дзюдошы Бакудегі әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды.

Дзюдошы Шерзод Давлатов Бакудегі әлем чемпионатында күміс жүлде алды
instagram/@sherzad_davlatov

Давлатов алтын медаль үшін белдесуде әзербайжандық Ахмад Юсифовпен кездесті. Белдесу татами иесінің қарсыласын ұстап тұрып, "иппонмен" жеңуімен аяқталды. Бір қызығы, белдесудің алғашқы жартысында Давлатов айқын басымдық танытып, төрешілер "вазари" деп бағалаған әдіс жасады. Дегенмен әзербайжандық дзюдошы жеңіске жетіп, қазақ балуаны күміс жүлдегер атанды.

Бұл Давлатовтың әлем чемпионаты финалындағы алғашқы белдесуі болды. 

Шерзод Давлатов Бакудегі жарысты тәжікстандық Лоик Кудбудиновты жеңумен бастады. Келесі айналымда Бурундиден келген Рауль Бриллиант Нганжиден басым түсті.

Ширек финалда франциялық Валадье Пикарды жарыс жолынан шығарды. Ал жартылай финалда жапониялық Рюдзу Нагаяманы ұтты. Нагаяма — Париж Олимпиадасының қола жүлдегері әрі әлемнің қазіргі чемпионы.

Бұл туралы не ойлайсыз?