Жұбаназар Олимпиада жүлдегерін жеңіп, ӘЧ жартылай финалына шықты
Абылайхан Жұбаназар Бакудегі әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алды.
81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жұбаназардың қарсыласы Азияның екі дүркін чемпионы, Париж Олимпиадасының жүлдегері әрі әлем чемпионаттарында медаль еншілеген Ли Ён Хван болды. Жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған белдесуде отандасымыз 1:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Абылайхан әлем біріншілігінің үздік төрттігіне енді.
Жұбаназар сегізден бір финалда жарыс қожайыны әзербайжандық Вусал Галандарзадемен кездескен. Бұл белдесуде қарсыласы жарыстан шеттетіліп, жеңіс қазақстандық дзюдошыға берілді.
Әзербайжан астанасында өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионаты 4 қазанда басталды. Турнир 10 қазанға дейін жалғасады.
Бұл туралы не ойлайсыз?