Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатының жүлдесіне таласады

Абылайхан Жұбаназар Бакудегі әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп, қола медаль үшін күресетін болды.

Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатының жүлдесіне таласады
instagram.com/kaz_judoteam/

Жұбаназар финалға шығу үшін әлем және Еуропа чемпионаттарының қола жүлдегері Зелим Цкаевпен белдесті. Кездесу әзербайжандық татами шеберінің жеңісімен аяқталды.

Осы нәтижеден кейін Цкаев алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Ал Абылайхан турнирді жүлдемен аяқтау үшін қола медальға арналған белдесуде жеңіске жетуі керек.

Бұған дейін Жұбаназар ширек финалда оңтүстіккореялық Ли Ён Хваннан басым түскен еді. Қазақстандық дзюдошы Азияның екі дүркін чемпионы әрі Париж Олимпиадасының жүлдегерін жеңіп, үздік төрттікке енді.

Бакудегі әлем чемпионатының финалдық кезеңі Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Осы кезеңде жүлделі орындар сарапқа салынады.

Бұл туралы не ойлайсыз?