Қазақстандық дзюдошының белдесуі дисквалификациямен аяқталды
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз франциялық Дайян Булемтафеспен кездесті.
Аңсарбек Ғайнуллин Бакуде өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп, жүлдеге таласты тоқтатты.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз 1/32 финалда Дайян Булемтафеспен кездесті. Белдесу барысында Ғайнуллин үш рет ескерту алып, "шидо" санының шегіне жетті. Соның салдарынан қазақстандық дзюдошы дисквалификацияға ұшырап, қарсыласы жеңімпаз деп танылды.
IJF әлемдік рейтингінде Аңсарбек Ғайнуллин 54-орында тұр. Ал оның қарсыласы Дайян Булемтафес 22-сатыда орналасқан. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов күміс жүлде иеленді.
Айта кетейік, Бакудегі дзюдодан әлем чемпионаты 10 қазанға дейін жалғасады.