Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елдос Сметов Азиададан кейін Абу-Дабидегі турнирге қатысады

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 29–31 қазан аралығында БАӘ астанасында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының өтініміне енді.

Елдос Сметов Азиададан кейін Абу-Дабидегі турнирге қатысады
instagram.com/kaz_judoteam/

Сметов маусымды жалғастырады

Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметінше, Абу-Дабидегі беделді жарыста Қазақстан атынан жеті дзюдошы татамиге шығады. 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар ел намысын қорғайды. 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев пен Ақылжан Жұбатқанов белдеседі.

Сонымен қатар 81 келіде Жалғас Қайролла, 90 келіде Айдар Арапов, ал 100 келіге дейінгі салмақта Марат Байқамұров жарысқа қатысады.

Азиада жүлдегерлері қайта татамиге шығады

Тізімдегі бірнеше дзюдошы жуырда Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өткен 2026 жылғы Азия ойындарына қатысқан.

Елдос Сметов жеке біріншілікте күміс медаль жеңіп алды. Ғұсман Қырғызбаев, Айдар Арапов және Марат Байқамұров Қазақстан құрамасымен аралас командалық сында күміс жүлде місе тұтты. 

Абу-Дабидегі Grand Slam Елдос Сметов үшін әлемдік рейтингтегі орнын жақсартуға мүмкіндік береді. Егер қазақстандық дзюдошы мансабындағы төртінші Олимпиада ойындарына қатысуды мақсат етсе, алдағы халықаралық жарыстарда рейтингтік ұпай жинау маңызды болмақ.

Осылайша Азия ойындарының финалына дейін жеткен тәжірибелі дзюдошы үшін 2026 жылғы маусым әлі аяқталған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?