Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан Еуро-2027 іріктеуінде ірі есеппен жеңілді

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі әйелдер құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуінде Румынияға ірі есеппен жол берді.

Қазақстан Еуро-2027 іріктеуінде ірі есеппен жеңілді
instagram.com/kff_women/

Сырт алаңда алты гол жіберді

Еуро-2027 турнирінің іріктеу кезеңіндегі бірінші тур матчы Румынияда өтіп, алаң иелері 6:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапында жалғыз голды Ангелина Остер соқты.

Румыния құрамасынан Корина Колибаба екі рет мергендік танытты. Сонымен қатар Мария Олах, Аида-Мария Букша, Виолета Богос және София Глаттер бір-бір голдан енгізді.

Қазақстан а соңғы орнында

Алғашқы турдан кейін Қазақстан U-19 әйелдер құрамасы өз тобында соңғы орынға жайғасты.

Еуропа чемпионатының В лигасындағы іріктеу тобында Қазақстан Румыния, Мальта және Чехия құрамаларымен сынға түседі. Іріктеу кезеңінің екінші турында қазақстандық футболшылар Чехия құрамасымен кездеседі. Бұл матч Қазақстан командасы үшін турнирдегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек.

Бұл туралы не ойлайсыз?